Атыраудағы жарылыс: Ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы тұрғын үйдегі газ қазандығының жарылысынан кейін ауруханаға түскен үш адамның өте жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыраудағы жарылыс: Ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр

Бұдан бұрын Атырауда тұрғын үйде жылу қазандығы жарылғанын жазған болатынбыз.

Жылу қазандығы бүгін, 10 қарашада түнгі сағат 1:24-те жарылған. Жарылыстың салдарынан жалпы көлемі 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранып, төбе жабындысы мен бөлмелері толықтай өртеніп кетті. Өрттен 3 адам – 19 жастағы екі жігі пен 22 жастағы бойжеткен зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ауруханаға жатқызылған 3 науқастың екеуі жансақтау бөлімшесінде жатыр.

«Жансақтау бөлімшесіндегі науқастың бірінің денесін 90%, екіншісінде 85-90% күйік шалған. Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Науқастың екеуі де жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ал, 1999 жылғы бойжеткен 25-30% күйікпен нейротравматолгия бөлімшесінде жатыр. Оның жағдай ауыр. Дәрігерлер науқастарды жіті қадағалауына алды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.