Атыраудағы Жылыой ауданының 90 жылдық мерейтойы тойланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жылыой ауданының 90 жылдық мерейтойында ұлттық спорт түрлері дəріптеліп, еліміздің әр аймағынан келген шабандоздар аламан бəйгеге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Атыраудағы Жылыой ауданының 90 жылдық мерейтойы тойланды

Ғасырға жуық тарихы бар бұл ауданның 90 жылдық мерекесін жылыойлықтар ерекше атап өтті. Шараның ашылу салтанатында аудан өнерпаздары және «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі, Атырау облыстық филармониясы оркестрі өнер көрсетті.
«Құтты мекенде кешегі пір Бекет пен ауызымен құс тістеген Тінекейұлы Құлсары шешенді өмірге келген. Талай қилы кезеңді басынан өткізген бұл аудан бүгінде өз қолы ауызына жетіп, жыл сайын гүлденіп, өркендеп, даму үстінде. Ауданның облыс дамуында да алар орны ерекше», - деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.
Мерекенің алғашқы күнінде республикалық ақындар айтысы өтіп, оны ҚР еңбегі сіңген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізді. Айтысқа әр өңірден 14 ақын қатысып бас жүлде Бекарыс Шойбековке бұйырды.
Айтысты мерекенің екінші күнінде Бүркіт төбедегі алаңда қазақша күрес, 32 келі кір тасын көтеруден сайыс өткізілді. Кейін топ бәйге мен аламен бәйге басталды. 9 тұлпар топ бәйгеде 21 шақырымға, аламан бәйгеге 18 сəйгүлік 31 шақырымға жіберілді. Жеңімпаздарға жаңа автокөліктер берілді.
Мерейтой Құлсары қаласының орталық стадионында қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік шарамен аяқталды. Концертке жиылған 7 мыңға жуық көрермен қатысты. Олар кеш соңында мерекелік от шашуды тамашалады. 

null null null null