Атыраудан 260 әртіс Астанаға аттанады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -17 қыркүйек күні Атырау облысының күндері өтетін Астанаға 260 музыкант пен әртіс аттанғалы отыр.

Атыраудан 260 әртіс Астанаға аттанады

«Астаналықтарды өнерімізбен тәнті ету үшін біз өңірдегі жетекші әртістерді шақырдық. Атырау делегациясының құрамында арасында музыканттар, суретшілер және әншілер бар 260 адам болады.  Бұл - 10 ұжым. Біздің екі күшті оркестріміз - Дина Нұрпейісова атындағы академиялық оркестр мен облыстық филармония жанындағы «Нарын» фольклорлық-этнографиялық оркестрі бір үлкен ұжым болып өнер көрсетеді. 17 қыркүйекте таңертеңгі сағат 10-да «Хан Шатыр» алдындағы алаңда Атырау облысының күндері салтанатты түрде ашылады, біз оны «Өнер шебері» концертімен бастаймыз. Алаңда жас әншілер өнер көрсетеді», - деп хабарлады облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Әбіл Жоламанов.

Оның айтуынша, сол күні Бейбітшілік және келісім сарайында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі көрме әзірлейді, оған 260 экспонат қойылады. Ең алдымен бұл Сарайшық қалашығынан материалдар, Индер ауданының Құрылыс ауылынан соңғы қазу кезінде табылған жәдігерліктер. Келесі күні де «Хан Шатыр» алдында концерт жалғасады, ал кешке « Жастар» театрында Шыңғыс Айтматовтың шығармасы бойынша облыстық қазақ театрының «Мәңгүрт» спектаклі қойылады.