Атыраудан Есқалиевтер отбасы Президентке ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытуда жүргізіп отырған саясаты үшін алғыс айтты
АСТАНА. 28 желтоқсан. Қазақпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Атырау қаласының тұрғыны А.Есқалиевадан хат келді.
ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автор хатында немересі В.Досқалиеваға 2011 жылы республикалық квота бойынша Астанадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да жасалған күрделі операция сәтті өтіп, денсаулығы жақсарып кеткені туралы хабарлайды.
Есқалиевтер отбасы Мемлекет басшысына еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласында және өмір сүру сапасын арттыруда жүргізіп келе жатқан саясаты үшін алғыс айтады.