Атыраудан Германияға ұшатын жаңа әуе рейсі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның аймақтарынан жаңа халықаралық әуе рейстері ашылуда. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың 26 наурызынан бастап Атырау-Франкфурт бағыты бойынша жаңа тұрақты әуе рейсі ашылады.
«Рейстер Аэробус-321 әуе кемесімен дүйсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Яғни, аптасына екі рет қатынайды. Енді еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары мен қонақтары үшін Еуропаға сапарлап бару бұрынғыдан да қолайлы бола түседі», - делінген хабарламада.