Атыраудың «Ақ Жайық» резерватындағы өрт 15 гектарды шарпыды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шыққан өртті сөндіруге тікұшақтар тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраудың «Ақ Жайық» резерватындағы өрт 15 гектарды шарпыды

«Бүгін түстен кейін резерваттағы өртті сөндіруге арнайы тікұшақтар тартылды. Олардың бортына 5-8 тонна су сияды. Бірақ, өртті сөндіруге кіріспес бұрын мамандар әуеден қамыс жанып жатқан жағалауды қарап шықты. Өрттің шарпыған аумағы 15  гектарға дейін артқаны анықталды», - деп хабарлады «Ақ Жайық» МТР бас маманы Ғани Ағыбаев.

Еске салайық, резерватта өрттің шыққаны туралы алғашқы хабарлама жексенбі күні сағат 21:00-де түскен. Өртті сөндіруге 60 адам мен 10-нан астам техника атсалысып жатыр. 
null 
null null