Атыраудың бас көлік дәрігері пойыз бригадирлерінен пара алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті «Атырау бөлімдік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РМК басшысы И.В. Шин бірнеше рет пара алғаны үшін тұтқындалды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті жолаушылар пойызы бригадирлерінен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауға және жалпы болысушылық жасағанына заңсыз ақшалай сыйақы алу бойынша қылмыстық сызба ұйымдастырған. 29 қыркүйек күні соттың санкциясымен И.В. Шин қамауға алынды. Параның жалпы сомасы 824 000 теңгені құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.