Атыраудың қала маңындағы 6 ауылы сусыз қалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау маңындағы 6 ауыл сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қала маңындағы Жаңаталап, Тасқала, Химик, Водников-1, Водников-2, Водников-3 ауылдарында су тәуліктің екінші жартысында тоқтаған.

«Су бері желісінде апат болды. Біздің бригадаларымыз қазір осы апаттың салдарымен күресіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар су берілгенше қайта күні-түні жалғасады»,-деп хабарлады «Атырау су арнасы» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл қала маңындағы ауылдарға су жеткізетін желіде екінші мәрте болып жатқан ірі авария. 19 желтоқсан күні су бірнеше ауылға бірнеше тәулік бойы берілген жоқ.

Осыған дейін хабарланғанындай, су желісі әкімдіктің тапсырысымен 1 жылдан астам уақыттан бұрын ғана салынған. Мердігерді әкімдік белгіледі. Су желісіне оны салған компания тарапынан кепілді қызмет көрсетілуде. Алайда олар апаттың себеп-салдарын анықтай алмаған соң, әкімдіктің сұранысы бойынша бұл іспен «Атырау су арнасы» МК айналысуда.

Соңғы жаңалықтар