Атыраудың кейбір аудандары ыстық сусыз қалады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың кейбір аудандарында ыстық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраудың кейбір аудандары ыстық сусыз қалады

«Атырау жылу желілері» АҚ қала тұрғындарына жылу желілері жабдықтарына тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 22-26 шілде аралығында бірнеше көшеде ыстық судың болмайтынын ескертті. Олар Азаттық даңғылындағы №№117, 119, 121, 127, 129; Әуезов көшесіндегі №№48, 50, 52 «а», 52 «б», 52 «в», 52 «г»; Шәріпов көшесіндегі №2 6а/1, 26а/2, 30, 30 «а», 32, 34; Молдағалиев көшесіндегі №26, 28, 30, 32, 33 «а»; 8 наурыз көшесіндегі №7, 8; Қарымсақов көшесіндегі №1 «а», 2 «а», 4, Стахановцев көшесіндегі №№1 «а», 2 «а», 3 «а», 4; Бейбарыс даңғылындағы №№17, 19, 19 «а», 21, 21 «а», 25; «Авангард» 3 шағын ауданындағы № 9; Құрманғазы көшесіндегі №1, 1 «а», 3, 5; Владимирский көшесіндегі №99, 100, 101 тұрғын үйлер», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.



Автор: А. Соколов