Атыраудың коммуналдық қызметі жауын-шашын салдарымен күресуде

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта қала көшелерінде 19 арнайы техника жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраудың коммуналдық қызметі жауын-шашын салдарымен күресуде

Атырауда коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер дамылсыз қызмет көрсетуде. Кәзіргі уақытта қаладағы жауын шашын суларын соруға «Атырау су арнасы» МКК-нің 10 және «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-ға қарасты 9 арнайы техникалары жұмылдырылған.

«Бүгін сағат 14:00-17:00 аралығында »Атырау Су арнасы« мекемесі 285 тонна су сорып, жұмыстар әлі де жалғасуда»,- деді қала әкімінің орынбасары Ш. Кейкін.

«АрнаулыАвтоБаза» ЖШС қызметкерлері көмегімен 376 текше метр су сорылған.

Қалалық ТКШ басшысы Қ. Қасымовтың айтуынша, жауын шашын салдарымен күресуге «Каспийдормостострой» ЖШС 3 цистерна камаз көліктерімен қосымша көмектесуде.

«Жауын шашын суын сору күндіз түні жалғасатын болады»,- дейді Қ. Қасымов.