Атыраудың Құрманғазы ауданына баратын жолаушылар қашан қатынайтыны белгілі болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың Құрманғазы ауданына қатынайтын жолаушылар пойызы келесі аптада жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы растады. «Атырау қаласынан Құрманғазы ауданындағы Д.Нұрпейісова теміржол бекетіне дейін қатынайтын жолаушылар пойызын шығару үшін ашық конкурс жарияланды. Оған 5 компания өтінім берді. Ашық конкурс нәтижесінде «Otpan Logistic» компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жақында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Otpan Logistic» арасында келісімшартқа қол қойылды. Осылайша, Құрманғазы ауданына көлік қатынасын ұйымдастыру бағытындағы қиындық еңсеріледі», - деп хабарлады басқармадан.

Қазір жолаушылар пойызының жүру кестесі бекітілген. «Атырау стансасы-Д.Нұрпейісова бекеті» аралығында қатынайтын пойыз құрамында бір плацкарт, екі жалпы вагон болады. Пойыз Атыраудан күндізгі сағат 12:00-де, Д.Нұрпейісова теміржол бекетінен кешкі сағат 19:42 қозғалады. Алғашқы пойызды келесі аптада жолға шығару көзделіп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Құрманғазы ауданына пойыз шығару үшін ашық конкурс жарияланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар