Атыраудың «Мерей» базарында автомобиль бөлшектері бар сауда контейнері өртенді

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Атыраудың «Мерей» базарында автомобиль бөлшектері бар сауда контейнері өртенді. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Атыраудың «Мерей» базарында автомобиль бөлшектері бар сауда контейнері өртенді

Ақпанның 7-сінде базардың ашық аумағында тұрған көлемі 2х2 метр екі контейнер өртенген. Тілсіз жау 16 шаршы метрді қамтыған.

Өрт жарты сағаттан кейін ҚР ТЖМ-нің Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 9 маманы және 2 техникасының көмегімен сөндірілген.