Атыраудың су жеткізуші кәсіпорны тұтынушыларға 359 млн теңге қайтарады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тарифтік смета шығындары бойынша бекітілген көлемнің 5%-дан астамын орындамағаны үшін тұтынушыларға 359 млн теңгені қайтарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сумен жабдықтау және су бұру бойынша амортизациялық аударымдарды мақсатсыз пайдалануға жол берген. «Табиғи монополиялар туралы» заңның бұзылуы коммуналдық кәсіпорынның реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2020-2021 жылдарға бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы есебін талдау барысында анықталып отыр. Осыған байланысты, «Атырау облысы су арнасы» үшін уақытша өтемдік тариф бекітілді. Екі қызмет бойынша тұтынушыларға қайтарылатын жалпы сома - 359,5 млн теңге. Өтемдік тариф 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіліп, 2023 жылғы 30 сәуірге дейін жалғасады. Өтемдік тариф Атырау қаласы мен Мақат ауданында қолданылады», - деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінен.

Сондай-ақ, «Атырау облысы су арнасы» кәсіпорнына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу» бабымен айыппұл салынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда газ құятын компания бағаны себепсіз қымбаттатып, 2 млрд теңге табыс тапқаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар