Атыраудың тұрғыны 90 дана психотропты дәріні заңсыз сатпақ болған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың тұрғыны психотропты дәрінінің 90 данасын заңсыз сатпақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыраудың тұрғыны 90 дана психотропты дәріні заңсыз сатпақ болған

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Дәрмек» профилактикалық іс-шара кезінде психотропты дәрілерді сатушы анықталған.

«Атырау қаласындағы «Вокзал маңы» шағын ауданында 38 жастағы 50 трамадол, 40 трапикамед дәрі-дәрмегін заңсыз сатып жүрген жерінен ұсталды. Осы дерекке байланысты жинақталған іс-құжаттар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқанын жазған болатынбыз.