Атырауға 20 жыл бұрын көшіп келген қандас азаматтық алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға 20 жыл бұрын көшіп келген қандас азаматық алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 44 жастағы Надия Нәбиқызы Ресей Федерациясынан көшіп келген. Үш баласы бар.

Ол осы кезге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Сол себептен, балаларымен бірге тегін медициналық көмекке жүгіне алмаған. Жұмыс істемеген.

«Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлеріне өтініш бердім. Өтінішімді жауапсыз қалдырмай, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінен полиция капитаны Айдана Амангелдиева Ресей Федерациясының Астрахань қаласына барды. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібін түсіндіріп, құжаттарымды реттеп берді. Елдің азаматы атанғаннан артық қуаныш бола ма? Енді еліміздің өркендеуіне үлесімді қосуды мақсат етіп отырмын. Көші-қон қызметінің қызметкерлеріне қолдау көрсткені үшін алғыс айтамын», -дейді Надия Набиқызы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 16 қандас Қазақстан азаматтығын алғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар