Атырауға QazVac вакцинасы жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға QazVac вакцинасының 990 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, отандық вакцинаны үш емханадан алуға болады.

«Аймақтағы фармацевтикалық қоймаға QazVac вакцинасының 990 дозасы жеткізілді. Яғни, вакцинаның әр компоненті үшін 495 дозадан бар. Бұл вакцинаны Атырау қаласындағы №4, №5 емханадан, сондай-ақ Еркінқала отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында алуға болады», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жақында «Спутник V» вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілмек,

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға «Спутник V» вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар