Атырауға «QazVac» вакцинасының 1 мың дозасы жеткізілді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға «QazVac» вакцинасының 1 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 31 мамырда Атырауға қазақстандық вакцинаның 1 мың дозасы жеткізілген.
«Атырау қаласындағы №1 және №2 емхананың әрқайсысына 300 дозадан беріледі. Ал, 400 дозаны Теңіз кен орнына мердігер мекемелердің жұмысшыларын вакциналау үшін жеткізу көзделіп отыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бұған дейін жеткізілген «QazVac» вакцинасының 1 мың дозасы толық салынған.
Еске сала кетелік, Атырауға «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 7650 дозасы жеткізілгенін жазған едік.