Атырауға вакцина тасымалдауға арналған мұздатқыш камералар жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны ең шалғай аудандарға тасымалдауға арналған 5 мұздатқыш камералар жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауға вакцина тасымалдауға арналған мұздатқыш камералар жеткізілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұдан бұрын «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен көлемі мен сыйымдылығы әр түрлі 28 мұздатқыш камерасы алынған. Енді тағы да сондай 5 мұздатқыш камерасы алынып отыр.

«Аталған компания 4,5 млрд теңгеден астам қаржыға медициналық жабдықтар мен коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатын құралдарды сатып алуға демеушілік қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Атырау облысының тұрғындары үшін 648 мың жеке қорғаныс құралы, 56 оттегі концентраторы, 252 медициналық жабдық, 20 өкпе жасанды желдету аппараты, сондай-ақ, 4 ПТР-сынамасының қондырғысы сатып алынды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 3 ауруханаға 6 өкпені жасанды желдету аппараты берілгенін жазған болатынбыз.