Атырауға жыл басынан бері 182 қандасымыз көшіп келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысына биылғы жеті айда жат жерде ұрпақ өрбітіп, ата дәстүрін берік ұстанған 123 отбасы көшіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, ата-бабасының тамыры жайылған атажұртының бір уыс топырағын аңсап жеткен 182 қандастың көңілі бір демделді.

– Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 114 отбасы (171 адам), Қытай Халық Республикасынан 7 отбасы (9 адам) және Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Атырау қаласына 100 отбасы (147 адам), Жылыой ауданына 20 отбасы (32 адам), ал Мақат ауданына 3 отбасы (3 адам) қоныстануды ұйғарды, –деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары.


Соңғы жаңалықтар