Атыраулық аграршылар 2 мың тонна дизель отынын алады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық аграршылар көктемгі егіс науқанын өткізуге 2 мың тонна дизель отынын жеңілдік бағамен алады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Атыраулық аграршылар 2 мың тонна дизель отынын алады

«Байқау өткізіліп, соның барысында жергілікті аграршыларға жанар-жағармайдың жеткізілуін қамтамасыз ететін оператор компания анықталды. Егер шаруалар дизель отынын қоймадан өздері алып кетсе, арзандатылған жанар-жағармайдың бір тоннасының бағасы 82 мың теңге немесе бір литрінің бағасы 69 теңге болады. Ал егістікке жеткізілген жағдайда, жанар-жағармайдың бір литрі 72 теңгеден сатылмақ. Қазіргі уақытта көлікке жанармай құю стансаларында дизель отынының бағасы бір литр үшін 99 теңгені құрап отыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.