Атыраулық әртістер Испанияда өткен фестивальде бас жүлде алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық әртістер Испанияда өткен фестивальде бас жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атыраулық әртістер Испанияда өткен фестивальде бас жүлде алды

«Оннан астам елдің әртістері қатысқан Испанияның Льорет де Мар қаласында өткен «Theatrical Talents», халықаралық фестивальінде атыраулық жастар театры Мұқан Томановтың «Қараңғы» антидрамасын қойды. Қойылым қазақ тілінде көрсетілді. Құрамына кәсіби музыканттар мен хореографтар, продюсерлер мен суретшілер кірген әділқазылардың шешімімен қазақстандық ұжым бас жүлдеге ие болды», – деді театр басшысы Әміржан Нұрланұлы.

Сондай-ақ әділқазылар төрағасы Марти Перафефер атыраулық әртістерді «FITAG-2020» фестиваліне қатысуға шақырды, ал «Фиесталония Миленио» ұйымының президенті Давид Джапаридзе оларға Италида, Францияда, Грузияда өтетін фестивальдерге қатысуға ұсыныс тастады.

Авторы: А.Соколов