«Атыраулық» футболшылар черногориялық «Будучность» командасынан 1:0 есебімен басым түсті

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - «Атырау» футбол клубы кеше Түркияның Анталья қаласындағы екінші оқу-жаттығу жиынындағы үшінші бақылау матчын Черногорияның Подгорице қаласының «Будучность» командасымен өткізді.
None
None

Черногориялық бапкер Миодраг Радулович жаттықтыратын атыраулықтар бұл ойында 1:0 есебімен басым түсті. Қарсыластар қақпасына соғылған жалғыз доптың авторы француз шабуылшы Микаэль Антуан-Кюрье болды. Өткен маусымда Малайзияның «Фельда Юнайтед» командасында бақ сынаған бұл ойыншы енді Қазақстан Премьер-лигасында «Атырауда» өнер көрсетпек.

Атыраулықтар бұған дейін Белорус елінің Солигорск қаласының «Шахтеріне» 1:2, одан кейін Украинаның Полтава қаласының «Ворскла» командасына 0:1 боп ұтылған еді.

Соңғы жаңалықтар