Атыраулық футболшылар Қытайдың «Далянь Шиде» командасымен 1:1 есебімен тең түсті

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Түркияның Анталия қаласында «Атырау» футбол клубы Қытай Суперлигасында өнер көрсететін Далянь қаласының «Далянь Шиде» командасымен спаррингтік кездесу өткізді.

Атыраулық футболшылар Қытайдың «Далянь Шиде» командасымен 1:1 есебімен тең түсті

Черногориялық Миодраг Радулович жаттықтыратын атыраулықтар мен португалиялық Нелу Вингада баптайтын даляндықтар бұл ойында 1:1 есебімен тең түсті. Қытайлық бұл команданың тізгінін 2011 жылы ұстаған Н.Вингада былтырдан бастап «Далянь Шиденің» өз футбол академиясының ойыншыларына арқа сүйеп жүр. Қазіргі таңда рейтингтегі 1058 клубтың арасында 1515-ші орында тұрған «Дальян Шиде» Қытай Суперлигасындағы 16 команданың арасында 14-ші орында келе жатыр.