Атыраулық құтқарушылар 2 метр шұңқырдан сиырды шығарып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласы маңындағы Балауса поселкесінде құрылысы жүріп жатқан үйдің иелері шығып кетіп, қайта келгенде тереңдігі 2 метр болатын септикке сиыр түсіп кеткенін көреді. Олар Батыс құтқару отрядына хабарласқан, деп жазады Ақ Жайық .

«Біз айтылған жерге келгенде үй иелерінің айтуынша, сиыр шұңқырда 6 сағаттай тұрған. Құтқару жұмыстарына өрт сөндіретін апаттық-құтқару автокөлігі қатысты», - дейді бөлімше командирі Александр Качалов.
Қызметкерлердің бірі етік киіп шұңқырға түсіп, арқан кигізіп, содан соң жануарды кранның көмегімен жоғары тартып шығарды.

