Атыраулық құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жаңа техникаға ие болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жаңа жыл мерекесі қарсаңында атыраулық құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жаңа техникаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Парк 25 арнайы техникамен толығады. Республикалық бюджет есебінен бес автоцистерна алынды. Оның үшеуін аудандарға жібердік, екеуі облыс орталығында қалды. Тағы 20 техника республикалық және облыстық бюджет есебінен алынды. Олар - автоцистерна, байланыс пен электр жарығын реттейтін машина, медициналық кинологиялық қызметке арналған көлік, жолсыз жерлер мен омбы қар кезінде жүріп өту жылдамдығы жоғары арнайы техника. Бұл техникалар құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге келер жылдың басында беріледі», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар