Атыраулық қыздың өлімінен кейін ұсталған ер адамды қамауға алу санкцияланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 8 жасар қыздың өлімі бойынша күдікті ретінде ұсталған 28 жастағы ер адамға баланы зорлады деген айып тағылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық қыздың өлімінен кейін ұсталған ер адамды қамауға алу санкцияланды

«№2 Атырау қалалық сотының тергеу судьясы күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 28 жастағы ер адам екі айға қамауға алынды. 1989 жылы туған азаматқа ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі 10,14-тармақтарында («Зорлау немесе көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға зорлық-зомбылық әрекеттерімен пара-пар қылмысты жасыру немесе оның жасалғандығын жеңілдету мақсатында, өзге адамды қасақана өлтіру») көрсетілген қылмысты жасады деген күдік келтірілуде», - деп мәлім етті облыстық ІІД-дан.  

Бұған дейін хабарланғандай, сүңгуірлер Бисекті ауылында жоғалып кеткен 8 жасар Айкөркем Алдамжардың денесін Жайық өзенінен тапты. Қыз баланы іздеп-табуға ішкі істер органдарының 50 қызметкері мен Атырау қаласының 40-тан астам тұрғыны жұмылды. Сондай-ақ ІІД, ТЖД және Батыс өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағының қайықтарынан бөлек, іздеу жұмыстарына өздерінің суда жүзу құралдарымен қала тұрғындары да атсалысты. 5 сүңгуір жұмыс істеді.

Бисекті ауылы тұрғындарының айтуынша, ұсталған адам қаза болған қыздың отбасының көршісі болып табылады. Үйленген, екі кішкентай балалары бар.