Атыраулық нотариустар ауруханаға оттегі концентраторын сыйлады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының нотариустары Жылыой аудандық ауруханасына оттегі концентраторын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыраулық нотариустар ауруханаға оттегі концентраторын сыйлады

Атырау облыстық Нотариаттық палатасы мен жеке нотариустар демеушілік көмекпен Жылыой аудандық орталық ауруханасына «АРМЕД 7F-5L» маркалы оттегі концентраторын алып берді.

«Елімізде осындай жомарт жандардың барына көп рахмет. Қол ұшын созып, демеушілік білдірген Атырау облыстық Нотариаттық палатасының төрайымы Гүлнәр Масатоваға, сондай-ақ, барлық жеке нотариустқа алғысымызды білдіреміз. Оттегі концентраторының індетқа шалдыққан азаматтардың тезірек сауығып, отбасына аман-есен оралуына септігі тиеді», - дейді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда спортшы ауруханаға алғашқы оттегі концентраторын алып берген еді.