Атыраулық отбасы республикалық конкурстан жүлделі оралды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атыраулықтар «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары Тілекқабыловтар отбасын әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық отбасы республикалық конкурстан жүлделі оралды
Естеріңізге сала кетейік, биыл алтыншы рет ұйымдастырылған отбасылық сайыс Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Атырау облысы намысын қорғаған Тілекқабыловтар отбасы 30 тамыздан 6 қыркүйекке дейін өткізілген SMS/интернет арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша 17 финалист-отбасының арасында жеңіске жетті. Өз сөздерінде Тілекқабыловтар отбасы бұл жеңіс - Атырау облысының ортақ жеңісі деп есептейтінін мәлім етті.