01:55, 16 Шілде 2017 | GMT +5
Атыраулық паралимпиадашы Германиядағы чемпионатта топ жарды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық спортшы-паралимпиадашы Ержан Сәлімгереев Германия өткен ашық чемпионатта екі алтын медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен 100 метрлік қашықтықта суда жүзуден және кроль әдісімен 50 метрлік қашықтықта жүзу жарыстарында екі медаль жеңіп алдым. Бұл жеңіс маған 30 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Мексикада өтетін ашық чемпионатқа қатысуға жолдама алып берді», - деді спортшы.
Айта кетейік, Германияның Берлин қаласында өткен ашық чемпионатқа 51 елдің өкілдері қатысты.