Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеудегі Өзбекстан азаматын ұстады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеудегі Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеудегі Өзбекстан азаматын ұстады

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 15 маусымда «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде мемлекетаралық іздеудегі өзбекстандық азамат ұсталған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 1994 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Оған Қарақалпақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен 2016 жылғы 1 қаңтарда Қылмыстық Кодекстің 223-бабының 2-бөлігімен (шетелге заңсыз шығу немесе Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру) қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны анықталды. Қазір шетелдік азаматты Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталған болатын.