Атыраулық шенеунікке пара бергені үшін миллион теңге айыппұл салынды

«Сот талқылауы барысында «Жер кадастры ҒӨО» РМК облыстық филиалының директоры бағынысты қызметкерінен әр түрлі қамқорлық көрсетуге уәде беріп, мың доллар талап еткен. Қажетті соманы таба алмаған бөлім басшысы бастығына 100 мың теңге берген. Ол пара беру сәтінде ұсталды. Сотталушы ҚР ҚК 367-бабы бойынша айыпты деп танылып, оған 1 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеу түрінде жаза кесілді. Ол сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, облыстық филиал директорына да үкім шықты. Ол қарамағындағы адамдардан бірнеше рет пара алғаны үшін 5 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады. Оған да мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.