Атыраулық студенттер ауруханалар мен археологиялық қазбаларға қолғабыс жасайды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 30 жұмыс беруші мекеме «Жасыл ел» еңбек отрядтарына жұмыс ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық студенттер ауруханалар мен археологиялық қазбаларға қолғабыс жасайды

«Алдағы жазда «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының қатарына 2 мыңға жуық жас атыраулық қабылданады. Оларды еңбекпен қамтитын жұмыс берушілер тізімі жасалған. Жастар төрт бағытта жұмыс істейді. Жазда жастардың еңбек отрядтары көгалдандыру мен санитарлық тазартумен айналысады, әлеуметтік мекемелерде, ауруханаларда еңбек етіп, археологиялық қазба жұмыстарына атсалысады. Қазіргі уақытта 30 жұмыс беруші белгіленді. Жастардың еңбек отрядтары қатарына тек қана студенттер ғана емес, жұмыссыз жастар да тартылады», - деді облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Жасұлан Бисембиев.