Атыраулық тәртіп сақшылары трансұлттық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі ? ІІМ

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің Қылмыстық полиция қызметкерлері Қазақстан, Әзірбайжан және Түрікменстан азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топ өкілдерін құрықтады.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, қылмыстық топ өкілдері осыған дейін Атырау қаласында 20-дан астам автокөлікті қолды қылып үлгерген. Тексеру барысында олардан автокөлік жүргізу бойынша есеп-анықтамалары мен көлікті жүргізуге қажетті қолхаттар мен өзге де қажетті құжаттар табылған. Сондай-ақ олардан Атырау облысы мен Ресей Федерациясындағы кедендік бекеттердің жасанды мөрлері табылған. «Қылмыстық топ мүшелерін тергеу барысында олардың тағы екі сыбайласы бар болып шықты. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда», деді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар
Референдум