Атыраулық ұшақ бортындағы тәртіпсіздігі үшін жауапқа тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында ұшақ бортында тәртіпсіздік шығарған ер адамға қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық ұшақ бортындағы тәртіпсіздігі үшін жауапқа тартылды

Істі қарау барысында анықталғандай, Жылыой ауданының тұрғыны қыркүйек айында Астана-Атырау бағытындағы КС-981 рейсімен үйіне қайтып келе жатқан. Алкогольді мас күйде болған ол, әуе кемесінде өрескел мінез көрсеткен. Экипаж болған жәйт туралы Атырау әуежайына хабар беруге мәжбүр болған», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот қаулысымен ер адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) 10 АЕК немесе 22 690 теңгеге айыппұл салынды.

Сондай-ақ ол әуе компанияның «қара тізіміне» енуі әбден мүмкін.