Атыраулық волейболшы жігіттер Ұлттық лигадағы ел чемпионатында көш бастап келеді

АЛМАТЫ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Павлодарда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында өтіп жатқан ХХІ Қазақстан чемпионатының 2-ші турында алғашқы үш кездесудің қорытындысы бойынша атыраулықтар турнир кестесінде көш бастауда.
None
None

Олар  қызылжарлықтар («Есіл») мен павлодарлықтарды 3:1, оралдықтарды («Конденсат») 3:2 есебімен ұтып, тоғыз ойыннан 22 ұпай жинады. Олардан бір ойын кем алматылықтар 18 ұпаймен екінші орында тұр. Алматылықтардан бір ойыны артық оралдықтар мен павлодарлықтар 15 ұпаймен 3-4 орынды бөлісуде. Бір ойыны кем «ТНК Қахзхром» (Хромтау) 12 ұпаймен - бесінші,  «Есіл» (6 ұпай) алтыншы орында, ал тоғыз ойында қоржынына 2 ұпай ғана салған «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) көш соңында келеді.

Өткен сенбіде басталған бұл сайыс 15 желтоқсан күні аяқталады. Бүгін «ТНК Қазхром» мен  «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «Атырау»,  «Павлодар» мен «Есіл» командалары өзара күш сынаспақ.

Соңғы жаңалықтар