Атыраулықтар әлем чемпионын күтіп алды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау әуежайында кезекті рет әуелеген ән ойналып, халықтың ықыласына бөленген салтанатты күтіп алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25-27 қазан күндері Чили елінің Сантьяго қаласында каратеден жастар арасындағы XI Әлем чемпионатында Әбілмансұр Батырғали алтыннан алқа тақты.

«Бұл Атырау спортындағы тарихи оқиға. Атыраулық спортшылардың Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы алтын медалі. 96 мемлекеттен 1500-ден астам спортшы қатысқан додада спортшымыз үздік атанып, ел абыройын асқақтатты», - дейді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұржауған Төлеуова.

