Атыраулықтар газға 514 млн теңге қарыз

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атырау облысы тұрғындарының тұтынған табиғи газға берешегі 514 млн теңгені құрады, деп хабарлады Өңірлік коммуникация қызметіндегі брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» облыстық филиалының басшысы Мақсат Әбуов.

Атыраулықтар газға 514 млн теңге қарыз

«514 млн теңгенің 70,5  млн теңгесі   жеке тұтынушылардың өтеу мерзімі өтіп кеткен қарызы.  Ал   92.7 млн теңге қарыз - өндірістік кәсіпорындарға, 90.7 млн - жылу энергиясының өндірушілеріне тиесілі, 142.9 млн - тұрғын үй-коммуналдық сектор берешегі. Өкінішке орай, газға төлемегені үшін газдан ажыратылған борышкерлер өздері қайта жағып алатын жағдайлар сиремей отыр. Сондықтан біз заң бұзушыларға айыппұл салу үшін сотқа жүгінуге мәжбүрміз», - деп хабарлады Әбуов.