Атыраулықтар «Менің Туым. Менің елім!» челленджіне қолдау білдірді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласының жастары «Менің Туым. Менің елім!» челленджіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыраулықтар «Менің Туым. Менің елім!» челленджіне қолдау білдірді

Елімізде қолға алынған республикалық челленджді қолдауға 20-дан астам волонтер қатысты. Олар алдымен «Нұрсая» шағын ауданындағы 17А мекенжайындағы көпқабатты үйдің балконы мен терезесіне мемлекеттік рәміздің бірі – мемлекеттік Туды іліп қойды.

«Бүгін атыраулық жастар елге, Отанға деген сүйіспеншілікпен осы акцияға қолдау білдіруді ұйғардық. Біздің арамызда оқу орындарының белсенді студенттері де бар. Көпқабатты үйдің балконында Тәуелсіздігіміздің символы – көк Туымыз желбіреп тұр. Мұндай сәт әр азаматқа патриоттық рух беріп, ерекше сезімге бөлейді. Басты тілегіміз – көк байрағымыз көкте желбірету. Отанын шын сүйетін патриот жастар еліміздің өркендегенін, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болғанын қалайды», - дейді волонтер Илияс Үсенғалиев.

Аталған акция Т.Жұмағалиев көшесіндегі №23, Б.Құлманов көшесі, 112/1 мекенжайындағы көп қабатты үйлерде, «BELUGA» қонақүйінде жалғасты.