Атыраулықтар судың жағымсыз дәміне шағымданды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының тұрғындары кейінгі күндері қайнатылған судан кермек дәм шығатынына шағымданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Желі қолданушылары шикі судың тұрмысқа пайдалануға жарамсыз екенін жарыса жазуда. «Атырау облысы су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз хатшысы Александр Пастуховтың айтуынша, барлық су тазалау қондырғылары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

«Ауыз су сапасы зертханада тұрақты түрде қадағаланады. Химиялық реагенттер қажетті мөлшерде ғана қолданылған. Тазалау қондырғыларынан аққан судың құрамы мен сапасы санитарлық талапқа толықтай сәйкес келеді. Әйтсе де, тұрғындардың арыз-шағымы ескерусіз қалмайды. Әлеуметтік желіде көрсетілген мекенжайлар бойынша су сынамалары алынып, тексерілетін болады. Бұл туралы жұртшылыққа міндетті түрде хабарлайтын боламыз»- деді Александр Пастухов.

Фото: poltavskaya.bezformata.com


Соңғы жаңалықтар
Референдум