21:41, 11 Сәуір 2012 | GMT +5
Атыраулықтар Ұлттық лигада көш бастап келе жатқан алматылық волейболшы жігіттерден ақтық турда 3 ұпай олжалады
АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Хромтауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ақтық 6-турдың соңғы ойындары өтіп жатыр.

Кеше турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Алматылықтар» атыраулықтарға 3:0, жарыс қожайындары өскемендіктерге 2:3 боп ұтылды. Ал оралдықтар («Конденсат») қызылжарлық («Есіл») құрдастарынан 3 ұпай олжалады. Бұл ойын турнир кестесіндегі ахуалға еш өзгеріс әкеле алған жоқ.
Енді «Есіл» мен «Алматы», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Конденсат», «Атырау» мен «ТНК Қазхром» өзара күш сынасуда. Алайда бұған дейінгі турларда қажетті ұпай қорны жинап алған Алматы, Хромтау және Өскемен волейболшылары 1-3 орынды мерзімінен бұрын өзара бөлісті. Қазір «Алматыда» 62, «ТНК Қазхромда» - 52, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» - 34, «Атырауда» - 29, «Есілде» -21, «Конденсатта» - 18 ұпай бар.