Атыраулықтарды жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяқ 3 жылға сотталды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулықтарда жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяқ 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында алаяқтық дерегіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы А. жәбірленушілер Б. мен Қ.-ға WhatsАрp желісі арқылы сөйлесіп, олардың жұбайларын жұмысқа орналастыратынын айтқан. Алайда, өзге адамдарды жұмысқа кіргізетін мүмкіншілігі болмаса да, түрлі себептермен бірнеше рет ақша қаражатын өз есепшотына аудартқан. Нәтижесінде сотталушы А. жәбірленушілердің әрқайсысынан 107 мың және 107 мың 150 теңгені иемденіп алып, жұбайларын жұмысқа орналастырмай, алдап кеткен», -деп Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сотта сотталушы А. тағылған айыпты мойындаған. Жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалды толық өтегенін айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады Жәбірленушілер кешірім берген.

«Сотталушының жасаған қылмыстық әрекеті ауыр қылмыс санатына жатады. Сол себептен, сот үкімімен сотталушы А. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», -деп мәлім етті аудандық соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске сала кетелік, бұған дейін оқу орталығына алданған атыраулықтар облыс әкіміне шағымданғанын хабарлаған болатынбыз.

Атырау қаласының прокуроры Руслан Айтимовтың айтуынша, бұл іс сараптамаға жіберілген. Ал күдікті қамауға алынды.

«Барлық жәбірленушінің арызы қабылданды. Тергеу амалдары аяқталды. Орталыққа 145 адам алданған. Күдікті қамауға алынды. Бұл іске қатысты қолжазба және фоноскопиялық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы алынған соң, іс сотқа жолданады. Күдікті төрт әйелге қатысты шешім қабылданады», - деп мәлім етті Руслан Айтимов.

Соңғы жаңалықтар