07:54, 22 Сәуір 2014 | GMT +5
Атышулы түрік телехикаясын түсіру барысында жік шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жылдағы ең әйгілі түрік телехикаяларының бірі - «Көкжалдар мекені» (Kurtlar Vadisi) телехикаясын түсіру тобында жік шықты.
Шетелдік БАҚ хабарлағандай, «Pana Film» компаниясының ағайынды иелері - телехикаяны түсіріп жатқан Раджи Шашмаз бен Полад Алемдардың рөлін ойнап жатқан Неджати Шашмаз ренжісіп қалған көрінеді. Ақпаратқа қарағанда, осыдан біршама уақыт бұрын Р.Шашмаз «Pana Film» компаниясынан кетіп, «Yalnız Kurt» жобасын қолға алған, яғни құрылыс секторына инвестиция құйған. Сонымен қатар ол туризм мен медиа саласына да қаржы бағыттауды көздеп отыр. Осылайша ол бауырымен «Pana Film» компаниясы аясындағы іскерлік байланысын үзді.
Айта кетейік, ағасы кеткеннен кейін Неджати Шашмаз фирманың бірден-бір иесі болып қалды.