Ауа райы: Елорда мен еліміздің 11 облысында ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана және еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

қар
Фото: Pixabay

Осылайша, Астана және Алматы облысында тұман түсіп, Жетісу облысында кей кезде тұман болады.

Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында көктайғақ болып, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарында жаяу бұрқасын болжанып отыр, Павлодар облысында жауын-шашын (көбіне қар) жауып, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

12 наурыз күні таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Соңғы жаңалықтар