Ауа райы қолайсыздығынан далада қалған жолаушыларға қосымша пойыз жіберілді

АСТАНА. KAZINFORM — Күн райының қолайсыздығынан 500-ден астам адам жолда қалды.

Ауа райы қолайсыздығынан далада қалған жолаушыларға қосымша пойыз жіберілді
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

— Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана–Қарағанды және Астана–Щучинск бағыттарындағы тас жолдарда уақытша шектеу қойылды. Осы орайда ұлттық тасымалдаушы компания 500-ден астам жолаушыны жеткізу үшін қосымша пойыздар ұйымдастырды, — делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ауа райы қолайсыздығынан далада қалған жолаушыларға қосымша пойыз жіберілді
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Жол бойында қалған жолаушыларды таситын пойыздар келесі станциялардан ұйымдастырылады: 

Бурабай курорты станциясынан (Астанаға дейін):

• № 6830 «Көкшетау-Астана»;
• № 7508 «Көкшетау-Нұрлы-Жол».

Сарыбел станциясынан (Қарағанды мен Астанаға дейін):

• № 6857 «Қарағанды-Астана».

— Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалы ерекше бақылауда. Барлық азаматты сақтық шараларын сақтауға және алыс сапарларға шықпауға шақырамыз, — дейді компаниядан.

Бұған дейін Қарағанды облысының жолдарында мыңнан астам көлік кептеліп қалғаны туралы хабарлаған едік. 

Сондай-ақ елордада күн райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр

Соңғы жаңалықтар