Ауа райы күрт бұзылады: Қазақстанның 15 өңіріне ескерту жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — 9 қыркүйекте Астана мен Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар аймақта жаңбыр, найзағай, тұман, шаңды дауыл және қатты жел күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.
Астанада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Атырау облысы. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, солтүстік және шығыс бөліктерінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Абай облысы. Күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын жел шығыс және оңтүстік бөліктерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік-батыс пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысы. Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғып, күндіз солтүстік және батыс аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік-шығыс пен солтүстік-батыста өрт қаупі жоғары, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы. Күндіз облыстың батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, солтүстік және батыс бөліктерінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс, солтүстік және оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысы. Таңертең және күндіз облыстың шығысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады. Шығыс және оңтүстік аудандарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Жамбыл облысы. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз солтүстік және шығыс аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстік-шығыста төтенше, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Батыс, солтүстік, шығыс және орталық аудандарда өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысы. Түнде облыстың оңтүстігінде, ал күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батыс және солтүстік бөліктерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік-батыста өрт қаупі жоғары, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы. Солтүстік және орталық аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, шығысында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы. Батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз облыстың орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік, шығыс және орталық аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы. Облыстың орталығы мен солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал және шаңды дауыл күтіледі. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, түнде батыс және оңтүстік аудандарда секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс және оңтүстік бөліктерде желдің екпіні секундына 25 метрге жетуі мүмкін. Оңтүстік пен шығыста өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысы. Күннің екінші жартысында облыстың батысы мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз батыс пен солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, батыс, солтүстік және таулы аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ұлытау облысы. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.