Ауа райы күрт құбылып, екі облыста жол жабылды

жол
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

1. Ақмола облысы

1 мамырда сағат 00:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты «Астана-Ерейментау-Шидерті» автомобиль жолының 16-200 шақырымында (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2. Павлодар облысы

1 мамырда 00:00-де Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты «Астана-Ерейментау-Шидерті» автомобиль жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы - Шидерті а. учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар