Ауа райына байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыстар уақытша жабылды. 

жол жабылды
Фото: pexels.com

Автожолдардың жабылуы Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы учаскелерде болды: 

«Екатеринбург-Алматы» 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы)

«Егіндікөл-Жолан» 0-61,3 км

«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 43-119 км, 2

«Жалтыр-Макинск» 0-38 км,

«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 0-43 км,

«Новочеркасское-Егіндікөл» - Қайнар 0-52 км. 

Еске салсақ, бұған дейін Атыраудағы екі ауылдың арасындағы жырылған жолға 12 метрлік бетон плита қойылғанын жазған едік.