Ауа-райына байланысты Алматы — Өскемен тасжолының бір бөлігі жабылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райына байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының бір бөлігі жабылатынын хабарлады.

жол
Фото: БҚО ТЖ

— «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы хабарламасы бойынша 15 желтоқсан 21:00–ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолының 77 шақырымы (Қонаев қ.) мен 124 шақырымы (Жетісу облысының шекарасы) автокөліктерінің барлық түрлері үшін жабылды, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында «Алма-тау турбазасына кіреберіс» республикалық маңызы бар автожолының бір бөлігі жабылғанын жазғанбыз. 

Сондай-ақ 2025 жылдың 31 наурызына дейін Алматы облысында бірнеше автожол жабылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар