Ауа райына байланысты Батыс Қазақстандағы жолдардың бір бөлігі жабылды
ОРАЛ. KAZINFORM — Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 21:30-да БҚО-да жол жабылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді.
— 2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 21:30–да Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты Өнеге — Бисен — Сайқын республикалық автожолының 31-103 шақырым аралығында (Бисен ауылы — Сайқын ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 24 желтоқсан сағат 06:00 ашу жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 35 градусқа дейін аяз болатынын жазған болатынбыз.