Ауа райына байланысты екі облыста жол қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін сағат 17:00–де Жамбыл мен Түркістан облыстарында күн райының бұзылуына байланысты бірнеше бағытта жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді. 

жол
Фото: БҚО ТЖ

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ал, Түркістан облысында республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.

Бұған дейін хабарланғандай, алдағы 3 күнде қар жауып, бұрқасын болады.

Соңғы жаңалықтар